2020-2021 оқу жылына арналған жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Жаратылыстану – математика,физика,информатика,биология, химия, география өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:
"Жаңа технология әдістерін қолдана отырып, жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту"
Мақсаты:
Оқушылардың биология, химия, география өзін-өзі тану сабақтарына деген қызығушылығын ояту.
Міндеті:
- Оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру.
- Оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес бағдарламалар бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды талдап, қарау.
- Пән мұғалімдерінің өз білімдерін жоспарларын қарап, біліктілігін көтеру курстарына баруды жоспарлап, мектеп әкімшілігіне ұсыну.
- Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін жасап, жоспарлау.
5.Мектепішілік олимпиада өткізу, ғылыми жобаларға қатысу,ҰБТ-ға дайындық жасау.
6.Пәнге қызығушылығын ояту үшін түрлі инттелектуальды сайыстар ұйымдастыру, қатысу.
Бөлімдер |
Тақырыбы
|
Мерзімі |
Жауапты |
І бөлім ӘБ отырыстары |
1. 2019-2020 оқу жылындағы атқарған ӘБ жұмысының есебі, талдауы. 2. 2020-2021 оқу жылына арналған нормативтік құжаттармен танысу: әдістемелік-нұсқау хат, стандарт, пән бағдармалары мен жаңартылған білім беру мазмұнының құжаттары. 3. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарларды, үйірме, жоспарларын қарастыру , талқылау, бекіту. 4. 2020-2021 оқу жылына арналған ӘБ жұмысының жоспарын қарастыру, бекітуге ұсыну |
қырқүйек |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
|
1.Жаратылыстану бірлестігінің айлық өткізу барысын қарастыру. 2.Биология, химия, география пәндерінен 2020-2021 оқу жылының бастапқы бақылау жұмысы бойынша балалардың білім-білік деңгейін анықтау. 3. Тоқсандық БЖБ, ТЖБ қорытындысы бойынша сапалы оқыту нәтижесін талдап, талқылау. 4.Мектепшілік олимпиада тапсырмаларын саралап, бекіту. |
қазан |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
|
1.Бірінші жартыжылдық қорытындысы (БЖБ, тоқсандық бақылау жұмыстары, ТЖБ мен қорытынды бағалар туралы) |
қаңтар |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
|
1.Оқу жылын аяқтауға қорытынды аттестацияны өткізу материалдарын қарастыру,талдау. 2.9 сынып оқушыларының ОЖСБ, 11 сынып оқушыларының мемлекет-тік қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын тексеру. 3.ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық нәтижесі. |
сәуір |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
|
1. Мұғалімдердің оқу жылындағы шығармашылық жұмысының нәтижелері. 2. 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстарға есеп беру. 3. Келесі оқу жылына әдістемелік жұмысты жоспарлау мәселелер мен болжамдар |
мамыр |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
ІІ бөлім Білімдендіру Шаралары мен Әдістемелік жұмыстар
|
1.Мектепшілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу. 2.Биология,химия, география өзін өзі тану пәндер бойынша оқу -әдістемелік құралдар дайындау. 3.ОЖСБмен ҰБТ мен дайындық жасау жоспары және жүзеге асуы туралы. 4. Жыл бойы ашық сабақ өткізу. 5.Оқушылармен ғылыми жоба жазу. 6.Оқушыларды олимпиадаға дайындау және олимпиадаға қатыстыру. |
Қазан жыл бойы
жыл бойы
қыркүйек, қазан |
|
ІІІ бөлім Сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру |
1.Қалалық білім беру бөлімі мен Павлодар дарыны ұйымдастыратын түрлі сайыстарға қатысу және сапалы дайындық жүргізу. 2.Республикалық, облыстық, қалалық түрлі сайыстарға қатысу және сапалы дайындық жүргізу, жүлделі орын алу. |
жыл бойы |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
ІV бөлім Білім жетілдіру бойынша |
1.Білім жетілдіру курстарын өту. 2.Конференция, семинар, оқуларға қатысу. 3.Өзара тәжірибе алмасу, сабақтарға қатысу.
|
жыл бойы
|
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
Бірлестік жетекшісі: Жолаева А.Б.