11 Желт 2020
Страницы KZ "С.Оразалин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Әйтеке  би  ауданы  С.Оразалин  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп бойынша  2021-2022 оқу  жылындағы

сынып  жетекшілер  туралы  мәлімет

 

р/с Аты-жөні туған жылы білімі санаты мамандығы еңбек өтілі оқу бітірген жылы қай жылдан бастап класс жетекші сыныбы
1 Көлкебаева Кенжегүл Лайыққызы 16.06.1987 жоғары Педагог сарапшы бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 13ж 8 ай 2012 2007ж 1 а
2 Жантайлакова Жанар Маликовна 27.09.1988 Арнаулы орта Педагог модератор қазақ тілі мен әде-биеті пәні мұғалімі 13ж 1 ай 2008ж 2021ж
3 Ақбергенова Ботагөз Бақыткелдіқызы 20.09.1984 жоғары І бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 12ж 2008 2020
4 Изекешова Диана 22.07.1990 арнаулы орта Педагог модератор бастауыш класс мұғалімі  3ж  2014  2018
5 Кулунтаева Лиза 06.12.1972 арнаулы орта жоғары бастауыш класс мұғалімі  29ж 1996 2004
6 Такенова  Айнур Амандыковна 16.11.1980 арнаулы орта педагог модератор бастауыш класс мұғалімі 2012 2019
7 Жантайлакова Жанар Маликовна 27.09.1988 арнаулы орта педагог модератор қазақ тілі мен әде-биеті пәні мұғалімі 11ж 2008 2020 4
8 Халелина Аида Рауханқызы 22.10.1999 жоғары педагог модератор математика пәні мұғалімі - 2021 Жас маман 5
9 Орынбасарова Жаннур Мамбетовна 17.03.1985 жоғары ІІ тарих пәнінің мұғалімі 15ж 2006 2008 6
10 Жылқыайдар Наурызбек 22.03.1996 жоғары Педагог -модератор математика пәні мұғалімі 2020 2020 7
11 Бақыткелдіқызы Гүлназ 27.09.1989 жоғары педагог сарапшы қазақ тілі мен әде-биеті пәні мұғалімі 10ж 2010 2018 8
12 Алшораз Айгүл 16.03.1978 жоғары ІІ технология пәні мұғалімі 10ж 2014 2017 9
13 Сағынтаева ГүлсезімАйтқалиқызы 01.12.1992 жоғары Педагог -сарапшы қазақ тілі мен әде-биеті пәні мұғалімі 10ж 2020 2016 10
14 Сапиева Роза 20.05.1962 жоғары педагог зерттеуші орыс тілі мен әдебие-ті пәні мұғалімі 36ж 1984 2014 11

 

Мектеп  директоры: А.А.Дошаев

 

Название Скачать
1 3 токсан диаграмма   

 

С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі туралы мәлімет

Дошаев Абылай Абдигапарович

Қабылдау кестесі:

Дүйсенбі –сәрсенбі 10:00-18:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8(71339)23-0-19

Қысқаша өмірбаяны: Дошаев Абылай Абдигапарович 1961 жылы 15 желтоқсан күні Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауланы, Аралтоғай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ақтөбе педагогика институтының дене шынықтыру мамандығын бітірді. 

1982-1992 жылдар аралығында Аралтоғай орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

1992 -1999 жылдар аралығында Қияқты негізгі мектебінде директор болып жұмыс жасады.

1999 -2012 жылдар аралығнда Аралтоғай ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарды.  2012 жылдан бастап С.Оразалин атындағы орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды.

Акимова Гулшат Амановна

Қабылдау кестесі:

Бейсенбі 14:00 -18:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8(71339)23-0-19

Қысқаша өмірбаяны: Акимова Гулшат Амановна 1989 жылы 15 қыркүйек күні Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Бастауыш сынып мамандығына оқуға түсті. 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына «Педагогика және психология» мамандығына түсіп, 2019 жылы Қазақ –Орыс Халықаралық университетіне «Бастауыш сынып» мамандығына құжат тапсырып, оқуға түсті.

2008 жылдан бастап Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, С.Оразалин атындағы орта мектебіне бастауыш мұғалімі болып жұмысқа тұрды.

            

Нугыманова Балдырган Бозаковна

Қабылдау кестесі:

Жұма 14:00 – 18:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8(71339)23-0-19

Қысқаша өмірбаяны: Нугыманова Балдырган Бозаковна 1970 жылы 12 маусым күні Ақтөбе олысы, Байғанин ауданы, Алтай совхозында дүниеге келген. 1990 -1994 жылдар аралығында Ақтөбе Педагогикалық институтының «Бастауыш сыныптардың педагогика және методикасы» факультетін бітіріп, бастауыш сынып мұғаілімінің квалификациясын алды.

1994 жылдан бастап, Еңбекту орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жасады. 1994-2005 жылдар аралығында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.

2005-2014 аралығында Жарөткел орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, бірлестік жетекшісі болып қызмет атқарды.

2014-2017 жылдар аралығында Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі және бірлестік жетекшісі болып жұмыс атқарды.

2017 жылдан бастап, С.Оразалин атындағы орта мектепте тәлімгер болып қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап, С.Оразалин атындағы ЖОББМ –да тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 

Дошаева Галия Абдикапаровна

Жұмыс телефонының нөмірі: 8(71339)23-0-19

Қысқаша өмірбаяны: Дошаева Галия Абдикапаровна 1968 жылы 27 сәуір күні Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылында дүниеге келді. 1985 Гурьев облысына Гурьевский медицинский училищесіне фельдшер мамандығына оқуға түсіп, 1988 жылы тәмамдады.

1988-1994 жж аралығында Қарабұтақ аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясына көмекші эпидемиолог болып жұмысқа тұрды.

2002жылдан бастап Аралтоғай орта мектебіне мектеп мебдикесі болып жұмысқа тұрды.

Мұғалімдер саны: 40

Жоғары санатты: 1

Педагог зерттеуші: 5

Педагог сарапшы:8

Педагог модератор: 7

Санатсыз: 8

Оқушылар саны: 243

Асхананың болуы: бар

Арнайы кабинеттер: физика, химия, биология, мультимедия кабинеттері.

Спортзал: бар

Үйірмелер: тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, баскетбол, теннис, би, ән вокалы, шебер класс.

Мектеп тарихы:

С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылында орналасқан. Мектеп 1980 жылы қолданысқа берілген екі қабатты, кірпіштен салынған типтік ғимаратта орналасқан. 2013 жылы мектептің терезесі мен жылыту жүйесі жаңаланды. 2020 жылы мектеп күрделі  жөндеу жұмыстарынан өтті. Мектептің төбесі профлистпен жабылған. Мектеп екі жылыту қазандығы арқылы қатты отынмен жылытылады. Мектептің жобалық қуаты 450 оқушыға арналған. Мектепте барлығы 243 оқушы білім алуда, оның ішінде 28 мектепалды даярлық тәрбиеленушілері, 1-11 класс аралығында 215 оқушы бар. Оқушылардың ұлттық құрамы бойынша барлығы қазақтар. Бастауыш саты бойынша 92 оқушы, негізгі саты бойынша 92 оқушы, жоғары саты бойынша 31 оқушы. Мектепте 13 класс комплектісі жасақталған. Бастауыш -6, негізгі – 5, жоғары – 2. Мектептің материалдық - техникалық базасы қанағаттанарлық. Мектепте жабдықталған информатика, мультимедия, химия, биология, физика кабинеттері бар. Қыз балалар мен ер балаларға арналған шеберхана, спортзал, кітапхана жұмыс жасайды. С.Оразалин атындағы орта мектебі екі ауысымдық жүйеде штаттық режимде жұмыс жасайды. 10 класс кезекші топқа бөлінді.Бірінші ауысымда 115 оқушы, екінші ауысымда 100 оқушы оқиды. Мектеп бойынша педагог кадрлардың жалпы саны 40, оның ішінде әйел мұғалімдер - 30, ер мұғалімдер - 10.

Мектептің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы:

  • Педагогикалық құрамының жоғары кәсіби деңгейі:
  • Түлектердің ЖОО –на түсуі 100%:
  • Тәрбие жұмысының қалыптасқан жүйелілігі:
  • ЖОО-мен, ПШО-мен тығыз байланысы:
  • Оқушылардың пән олимпиадалар мен сайыстарда белсене қатысуы, жүлделі орындар:
  • Мұғалім мен оқушылардың жаңашыл, сараптау, зерттеу жұмыстарына қатысуы.

Мектептің марапатталуы:

2018ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ –түрік университеті Алғыс хат

2018ж Ақтөбе облысының білім басқармасы Алғыс хат.

2019ж Қарабұтақ ауылдық музейі Алғыс хат. 

Оқу-әдістемелік жұмыс мақсаты - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтар мен озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату, педагогтардың кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс жоспары мектептің жылдық жоспарымен байланыстырыла төмендегідей бағыттарды қамтыды: 

  1. Әдістемелік кеңес
  2. Семинар,апталықтар, ашық сабақтар, кластан тыс шаралар
  3. Жаңашылдық жұмыстар
  4. Педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, жинақтау. Өз білімдерін жетілдіру.
  5. Жас мамандармен жұмыс
  6. Дарынды балалармен жұмыс
  7. Аттестация
  8. Оқу үрдісіндегі әдістемелік шаралар.

Мектепте 4 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды: тілдер ӘБ, жаратылыстану ӘБ, өнер ӘБ, бастауыш сынып ӘБ.

        Мектептегі психологиялық қызмет:

  1. Диагностикалық жұмыс.
  2. Психологиялық кеңестер беру, психотренинг жұмыстары.
  3. Оқушы, ата-ана, мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынасын айқындау.
  4. Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылар және балалармен құқық бұзушылық пен қауіпсіздіктің алдын-алу бойынша жұмыстар.
  5. Дарынды оқушыларды айқындап, дамутышылық жұмыстарын жүргізу.
  6. Мектепке қабылданатын оқушыларға психологиялық зерттеу жұмыстары.
  7. Мұғалімдердің кәсіби бағытта және адамдық ерекшеліктерін анықтау.
  8. Класс жетекші және тәрбиешілерді психологиялық жұмыспен қамту.
  9. Әкімшілікпен жұмыстарды жүйелі жүргізу.
  10. Жүргізілген жұмыстар бойынша жылдық мониторинг шығару.

         Мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін және тұл жетім, жартылай жетім оқушыларды қолдау және оқу тәрбие саласы бойынша басқада мәселелерді қолдау мақсатында қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды

 

 

 
Жаңалыктар